
Бүгін Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында Чилиялық Cadelko компаниясы мен «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы » АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Cadelko компаниясының вице-президенті Хосе Песка мырза және «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов қатысты.
Келісімнің мақсаты - геологиялық барлау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда бірлескен жұмыс болып табылады.
