
19-маусым күні Астанадағы ЭКСПО 2017 Конгерсс-Орталығында Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі 2018 өз жұмысын бастады. Биыл Конгресс үш мерейтойлық датаның басын біріктірді. Олар: Дүниежүзілік тау-кен конгресінің құрылғанына (ДТК) 60 жыл, Дүниежүзілік Тау-кен конгресінің 25 жылдық мерейтойы және Астана қаласының 20 жылдығы.
Қазақстанда ДТК-н өткізудің маңыздылығын қайта бағалау күрделі.
Бүгінгі күні бұл тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ең ірі және маңызды оқиға.
ТМД аумағы бойынша Қазақстан Республикасында тұңғыш рет өткізілуі жалпы әлемдік қауымдастықта және әсіресе тау-кен металлургиялық секторында үлкен бедел. Біздің еліміздің ресурстары минералды-шикізат базасына бай. Кезеңдік кестенің 99 элементі, олардың 70-і ашылып, 60-тан астамы өндірісте қолданылуда. Қазақстан әлемдегі алюминий кенінің ондығына кіреді, ол ТМД елдерінің арасында темір рудасының қорлары бойынша үшінші орынға ие. Ал, уран өндірісі бо йынша тек Австралия ғана алдымызда. Ол мыс кендеріне бай елдердің тізіміне кіреді. Елімізде жыл сайын 100 млн. тоннадан астам көмір өндіріледі. Тау-кен металлургия кешенінің өнімдері Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай және ЕО елдеріне экспортталады. 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресіне 50 елден 1200-ден астам делегат жиналды.
Олардың ішінде Польшаның Кәсіпкерлік және технология вице-министрі Тадуеш Кощчиньский, Моңғолияның Тау-кен өнеркәсібі министрі Долгорсурэнгийн Сумъяабазар, ZijinMining Group Co.Топ Майнинг атқарушы директоры Джордж Фэнг, Тау-кен ісі жөніндегі Торонто қор биржасының (Канада) жетекшісі Дин Мак Персон, Thyssen KruppIndustrial Solutions AG тау-кен өндіру саласының технология бөлімінің басшысы Торстен Герлах(Германия) және тағы басқа да құрметті қонақтар бар.
Конгресс жұмысын ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ашты. Ол сөзінде отандық ТМК дамыту мен елдердің халықаралық байланыстарын нығайтуда Конгестің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан үшін тау-кен металлургиялық кешені ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл сектор мұнай-газ саласынан кейін елдің экономикасының құрылымында екінші орынға ие. ТМК-нің дамуның негізі минералды-шикізат базасы болып табылады. Қазақстан әлемде табиғи қорлар бойынша әлемде 6-шы орын алады, минералды шикізатты өндірудің жалпы көлемі бойынша (мұнай мен газсыз) 10-шы орынды және жан басына шаққанда пайдалы қазбаларды өндіру бойынша үшінші орынды иеленеді. Сала әлемдік нарыққа мыс, уран, титан, ферроқорытпа және полиметаллдарды ұсынады және аймақтық темір, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, бүгінгі күнде негізгі стратегиялық міндет - елдегі шикізатты барынша өңдеу, сондай-ақ жоғары сапада өңдеуге көшу. Бұл міндеттер индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, онда қара және түсті металлургия, өңдеу өнеркәсібінің басқа секторлары экономиканың басым секторларымен анықталады. Біз 2010 жылдан бастап экспорттау үшін базалық металдарды өндіруді ұлғайттық, сондай-ақ жаңа өнім түрлерін шығардық»,-деді министр Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек мырза елдегі ТМК-нің дамуына қолайлы инвестициялық ахуал ықпал еткенін атап өтті. Бұған ішкі нарықтағы ойыншылардың белгілі салаларда әлемдік көшбасшылар - Glencore, ArcelorMittal, Posco, Tenaris, EvrazHolding, Polymetal және басқалармен ынтымақтастығы дәлел бола алады.
«Батыстың австралиялық моделіне көшу үшін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекстің өткен жылдың соңында қабылдануы маңызды бастама болды. Жаңа кодекс саланы мемлекеттік реттеудің ашық әдістерін, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті, ұлттық стандарттарды әлемдік деңгейде үйлестіруді қамтамасыз етудегі үздік халықаралық тәжірибені ұсынады. Бұл құжат шетелдік инвесторларды, оның ішінде шағын кәсіпорындарды тартуға бағытталған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңа кен орындарының 60%-дан астамын ашады»,-деді министр.
Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар вице-министрі Тадеуш Кошчинский тау-кен металлургия өнеркәсібінің әлемдік экономикаға әсер етуі және Қазақстанмен жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтты.
Өз кезегінде, Торонто қор биржасының (Канада) тау-кен бизнесі бөлімінің бастығы Дин Мак Перссон әлемдегі саланың даму перспективалары мен үрдістері туралы әңгімелеп, осы процестерде ДТК-нің маңыздылығына тоқталды.
Сарапшылардың болжауынша, алдағы жылдарда Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі тұрақты өсімді күтуде. Бұл базалық металдар бағасының өсуімен, сондай-ақ 2017 жылы жүзеге асырылған заңнамалық өзгерістермен қамтамасыз етіледі. Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Конгресс қатысушылары ДТК өткізуден Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібіне нақты қандай пайда болатынын білді.
Атап айтқанда, осы саланың ел экономикасына қосатын үлесі, әлемдік нарықтағы тұрақсыз жағдайдың салдарынан елдегі ТМК тиімділігін оңтайландыру және жақсарту үшін қандай шаралар қабылдануда және «жасыл экономиканың» стандарттарын енгізу үшін қанша уақыт қажет болатыны анықталды.
Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының төрағасы Николай Радостовец:
«Дүниежүзілік тау-кен конгресі біз үшін айналамызға қарап, әріптестерімізбен араласып, заманауи әлемдік тәжірибені, әсіресе жаңғырту 3.0-ң және саланы заңнамалық реттеу тұрғысынан технологиялық даму мәселелерімен қатысты пікірлесу. Сондықтан, бұл саланың ауқымы мен маңызы зор. ДТК халықаралық сайтында жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесіне аса маңызды өзгерістер енгізілетін болады. Өткен жылдың соңында қабылданған жаңа Салық кодексі Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға айтарлықтай ынталандырады. Атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық табу бонусы 2019 жылы жойылып, жалдау төлеміне көшірілген. 2018 жылы Қазақстан осы салаға қатысты көзқарастарды тұжырымдамалық түрде өзгертуге және елді ЭЫДҰ стандарттарына жақындатуға бағытталған жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуді бастайды».
Сондай-ақ ДТК-2018 аясында «Тау-кен жабдықтары, тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу» 24-ші халықаралық MiningWorldCentralAsia көрмесі ашылды. Бұл көрме жыл сайын Қазақстанда өткізіліп, әлемнің 200-ден астам компаниясын жинайды. Биыл 24 елдің 250-ден астам компаниясы көрмеге қатысуға ниет білдірді.Олардың қатарында Aramine, AtlasCopco, CFT Group, Dressta, MetsoMinerals, Mclanahan, FLSMidth, SandvikMiningandConstruction, Thrane, Outotec, Thyssenkrupp, Вист Групп сияқта тағы басқа да саланың жетекші өкілдері бар.
Көрмедегі жалпыұлттық стендте Австралия, Австрия, (Ұлыбританияда, Канадада, Қытайда, Норвегияда, Польшада, Финляндияда, Францияда, Чехияда) сияқты елдер көрсетілді.
Биыл Mining World Central Asia Ақтөбе мыс компаниясы, KazMinerals, ERG, Kazakhmys, Kazzinc сияқты Қазақстанның тау-кен өндіруші және өңдеуші жетекші кәсіпорындарының экспозициясымен ерекшеленді.
