«Ашық сағат алаңында» химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары түсіндірілді

«Ашық сағат алаңында» химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары түсіндірілді

ҚР ИИДМ "Ашық сағат алаңы" диалог алаңында ZOOM арқылы "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметінің негізгі қағидалары түсіндірілді. Бұл қызметті Индустриялық даму комитеті белгіленген қағидаларға сәйкес көрсетеді. Жиынға Комитеттің және ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың мамандары қатысты.

Химия өнеркәсібі басқармасының басшысы Лаура Өтемұратованың айтуынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім айналымға жіберілмейді. Ал, Қазақстан Республикасының аумағына химиялық өнімді жеткізетін өтініш беруші (өндіруші, өнімді жеткізуші, импорттаушы) қауіпсіздік паспортын ұсынуға міндетті.

Химиялық өнімді тіркеу үшін өтініш және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты қажет. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Ал, тыңдау рәсімін өткізген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 жұмыс күніне ұзартылады.