Кәсіпкерлік субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын іске асыруға қатыса алады

Кәсіпкерлік субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын іске асыруға қатыса алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну Қағидаларын іске асыруға қатысуға шақырады. Бұл бастама өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Еске сала кетейік, биылдан бастап елімізде өнеркәсіпті ынталандырудың жаңа түрі, яғни цифрлық технология енгізілді. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес шығындарды өтеу отандық өндірушілердің IT-шешімдеріне байланысты жұмсалған шығындар сомасының 40 пайыздан 50 пайызға дейінгі мөлшерде Индустрия 4.0 технологиясын енгізу арқылы және автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеу және/немесе қолдану арқылы іске асырылады.

Осы ретте айта кетерлігі, аталған Қағидалар «QazIndustry» АҚ-на өтінім беру сәтінде тіркеу мерзімі кемінде 1 жыл басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімді өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған. Өтінімді қарау қорытындылары бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, кәсіпорын бір күнтізбелік жыл ішінде 60 млн теңгеге дейінгі сомада шығындарды өтеу түрінде қаржы алуға үміткер бола алады. Биылғы жылдың үш тоқсанында «QazIndustry» АҚ төрт кәсіпорынға цифрлық технологияларды енгізу шығындарын өтеді.

Мемлекеттік ынталандыру шараларына электрондық өтінімді мына сілтеме бойынша беруге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз: + 7 (7172) 793391, 793392.