«Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мейрамының 10-шы мерейтойының қарсаңында Қазақстанда алғаш рет «Энергия үнемдеу символы» және «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты республикалық конкурстар өткізіледі

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев 2018 жылғы 20 маусымда министрліктің Медиа-орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

11 қараша «Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы» (SPARE) халықаралық экологиялық желісінің бастамасымен Энергия үнемдеу күні болып жарияланды (International Day of Energy Saving). Осы мерекені құру туралы шешім 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткізілген SPARE үйлестірушілерінің халықаралық мәжілісінде қабылданды. Ал 2008 жылдың қарашасында әлем алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды, себебі 20-ға жуық ел жобаға қатысуға тілек білдірді. Мерекенің негізгі мақсаты - ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуға билік пен жұртшылықтың назарын аудару.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ретінде «Энергия үнемдеу символы» және «Энергия үнемдеу балалар көзімен» конкурстарын өткізеді.

Жобаның бас серіктесі - Eurasian Resources Group (ERG). Серіктестер: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы / ҒЭҚ, Қазақстан Энергоаудиторлар Қауымдастығы және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 тамызға дейін Энергия үнемдеу символын әзірлеуге арналған конкурстық жұмыстарды қабылдау жүзеге асырылады.

«Энергия үнемдеу символы» конкурсының мақсаты - Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту ниетін көрсететін ықшам және технологиялық сипатта болуы тиіс сипаттамасы (тарихы мен туындау себептері, идеялары мен байланысы, философиясы және миссиялары) бар энергияны үнемдеу идеограммасын – стильді белгіні әзірлеу.

Конкурс бүкіл Қазақстан бойынша өткізіледі. Оған жасына қарамастан, 7 жастан асқан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қатыса алады. Бұл символ Қазақстан Республикасында энергия үнемдеудің ресми символы ретінде қабылданады.

«Соңғы жылдары Қазақстан энергия үнемдеу және энергия тиімділік қағидаттарын ұстанатынын нақты дәлелдеді. Сондықтан елімізде энергия үнемдеудің өзіндік символының пайда болуы дұрыс деп ойлаймыз. Осы орайда біз Инвестициялар және даму министрлігінің бұндай конкурс өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Бұл символ болашақта энергетикалық тиімді, тұрақты дамып келе жатқан, жасыл Қазақстанның нышанына айналатынына сенімдіміз», - деді брифинг барысында сөз алған «ERG» компаниясының Энергетика департаментінің директоры Дүйсен Мерғалиев

2018 жылғы қыркүйектің 1-нен 30-на дейін «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты балалар суреттері бойынша конкурстық  жұмыстарды қабылдау жүзеге асырылады.

«Энергия үнемдеу балалар көзімен» балалар байқауы өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында экологиялық сана, тұрақты өмір салтының дағдыларын тәрбиелеу және олардың назарын энергияны пайдалану тақырыбына аудара отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесу және оларды энергия үнемдеудің қарапайым ұстанымдарына үйрету мақсатында өткізіледі. Конкурсқа 4 жастан бастап 17 жас аралығындағы кез келген бала қатыса алады.

Конкурстық жұмыстарды бағалау екі кезеңмен жүзеге асырылады. Жалпы жүлде қоры 2 500 000 теңгені құрайды, бұл сомманы серіктес компания ERG бөледі.

Конкурсқа қатысу шарттары мен өтінім беру мүмкіндігі туралы толық ақпарат серіктестердің ресми сайттарында көрсетілген. Өтінімдерді mid.energy2018@gmail.com электрондық мекенжайына жіберулеріңізге болады.

В преддверии 10-го юбилея Международного праздника «ДЕНЬ ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЯ» в Казахстане впервые проводятся республиканские конкурсы «Энергосбережение глазами детей» и «Символ энергосбережения»