
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.
Министр БАҚ өкілдеріне Инвестициялар және даму министрлігінің атқарып жатқан жұмыстарын жариялап, халыққа жеткізіп жүргені үшін алғысын білдіріп, алдағы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Мен үшін және біздің министрлік үшін бұқаралық ақпарат құралдарына әрқашан ашық болу өте маңызды. Біз халықты ақпараттандырудағы журналистердің жұмысын жоғары бағалаймыз және өзім министрліктің қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді көтергендерін құптаймын. БАҚ қоғамның, біздің азаматтарымыздың мүддесі үшін жұмыс істейді. Осы арқылы біздің де тиімді жұмыс жүргізуімізге септігін тигізеді. Отандық ақпарат құралдары мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді», - деді Жеңіс Қасымбек.
Шара барысында 30-дан астам БАҚ өкілдеріне, сондай-ақ министрліктің ведомствоға бағынышты ұйымдарының бірқатар үздік баспасөз хатшыларына министрдің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.











