
Конгерстің жабылу салтанатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты Хатшысы Замир Сағыныв сөз сөйледі.
«Сіздерге бұл шара жемісті болды деп үміттенемін. Сіздердің стратегиялық маңызы бар мәселелеріңізді шешуге, жаңа байланыстар орнатуға және тұтастай алғанда осы үш күннің барлығын тиімді өткізуге мүмкіндік берді деп сенемін»,-деп атап өтті З.Сағынов.
Сондай-ақ салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алберт Рау, Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Марек Цала, 2021 жылы Австралияда өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы Хуа Гуо, Австралияның Елшісі Петер Теш, Квинслпенд штатының сауда және инвестиция комиссарының орынбасары Уоррен бартлетт қатысты.
Конгресс жұмысы 2021 жылы Брисбенде (Австралия) өтетін келесі Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығының символы - «мұнай лампасы» символын тапсырудың ресми рәсімімен аяқталды.

