2020 жылдың алғашқы айында Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 104,1%құрады

2020 жылдың алғашқы айында Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 104,1%құрады

2020 жылғы қаңтар айының қорытындысында елімізде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 104,1%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 102,8%, өңдеу өнеркәсібінде 107,8% құрады. 

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің оң көрсеткіші 14 өңірде байқалды. 

Тау-кен өндірісі секторында түсті қазбалар өндіру көлемі 2018 жылы іске қосылған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың  (Бакыршық тау-кен өндіру кәсіпорны, Сарыарқа Ресурсерс Капитал,«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Казминералс» компаниялар тобы)тұрақты жұмысы есебінен 7,8% артты.Темір кені өндірісінде де оң серпін байқалып, 18,7 өсім болды. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 100,5% құрады.

Өңдеу өнеркәсібі саласында да нақты өсім бар, атап айтқанда қара металлургияда 17,5%, түсті металлургияда 7,3%, машина жасау саласында 21%,жеңіл өнеркәсіпте 8,7%, химия өнеркәсібінде 0,8%, фармацевтикалық өнеркәсіпте 19,1% құрады.