
2018 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізілді. Барлығы 69 жер қойнауы учаскесі жарияланды (64 учаске барлауға, 5 өндіруге). Аукционға негізінен геологиялық баралау жұмыстарын қажет ететін жер қойнауы учаскелері шығарылды.
Өтініштерді қабылдау 2018 жылғы 23 мамырда аяқталды.
Өтініштерді қарастыру нәтижесінде 34 жер қойнауы учаскесі бойынша 57 компания қатысуға жіберілді.
Қатысушылар ұсынған қол қойылған бонус мөлшерінің көптігі жеңімпазды анықтаудың жалғыз және негізгі критериі.
34 жер қойнауы учаскесінен 31 жер қойнауы учаскесі бойынша жеңімпаз анықталды. Жалпы қол қойылған бонус 16 942 650 000 теңгені құрады.
Жер қойнауы учаскесіне аукцион бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы – бұл ең алдымен келісімшарт аумағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруы болып табылады. Ол негізінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарға арналады.
Аукцион жеңімпазымен Келісімшарт бекітіледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұл мемлекеттің тиісті субъектіге жер қойнауын пайдалану құқығын берудің заңды формасының белгісі. Барлау кезеңінде келісімшарттың жарамдылық мерзімі 6 жылды құрайды. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарттың жарамдылық мерзімімен шектелген. Жер қойнауын пайдаланушы учаскені келісімшартта көзделген мақсатта ғана пайдалануы тиіс.
Аукционның әлеуметтік-экономикалық пайдасы мынадай болмақ: Геология саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық зерттеуді жоғарылату, Республикалық және жергілікті бюджетке салықтық төлемдер, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті халық ішінен мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеу кәсіпорындарын бәсекелестікке даярлау.



