Энергия үнемдеу тиімділігі жоғары министрлік

Энергия үнемдеу тиімділігі жоғары министрлік

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган бола отырып, энергия үнемдеу  және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс–шаралар жүргізеді. Осылайша, 2016 жылы Ұлт жоспарының 59-қадамын іске асыру шеңберінде «Энергия тиімді ИДМ» атты жобасы іске қосылды.

2016 жылдан бастап энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бірінші республикалық ЭСКО МЖӘ жобасы– «ТранспортТауэр» ӘТК ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғыру және пайдалану» іске асырылуда.

Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР ИДМ және отандық жарық диодты техника өндірушісі «ЛэдСистемМедиа» ЖШС арасында МЖӘ Шарты жасалды.

Жоба аясында 13 мыңнан астам жарықтандыру көзін жарық диодты аналогтарға ауыстыру, 130 қозғалыс датчигін орнату және 6 жыл бойы жарықтандыру жүйесіне сервистік қызмет көрсету көзделген. Орнатылатын жабдықтардағы жергілікті қамтудың үлесі 93 % құрайды. Жобаны іске асыру энергия тұтынуды төмендету, бюджеттік қаражаттарды үнемдеу және заманауи технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Жыл сайынғы электр энергиясын үнемдеу жарты миллионнан астам киловатты құрайды немесе ақшалай 8 миллион теңгеден астам. Сондай-ақ, люменисценттік шамдарды, стартерлер мен дроссельдерді сатып алу мен орнату, сондай-ақ құрамында сынабы баршамдарды кәдеге жаратуқажеттілігін жою арқылы 2 миллионнан астам теңгені үнемдеуге қол жеткізілетін болады. Мысалы, люминесценттік шамдарды сатып алуға жыл сайын 1 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Қазіргі уақытта Министрлікте жарық диодты жарықтандыру көздерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Энергия тиімді ИДМ» жоба шеңберінде ҚР ИДМ және «Сайман корпорациясы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде «Транспорт Тауэр» ғимаратында 47 есепке алу аспаптары мен тиісті бағдарламалық қамтылым орнату арқылы электр энергиясын тұтынуды мониторингтеу жүйесі (ЭКЕАЖ) енгізілді. Осы жүйе онлайн режимінде электр тұтынуды есепке алуға, деректерге мониторинг пен талдау жүргізуге, және қажет болған жағдайда – қуат көзін алыстан өшіріп тастауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, энергия үнемдеу бойынша тиімді шаралардың бірі болып «ИСО 50001» халықаралық стандартына сәйкес энергия менеджменті жүйесін енгізуболып табылады. Бұл үшін ИДМ кызметкерлері USAID халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттікпен бірлесіп, барлық қызметкерлерге арналған семинар-тренингтер өткізді, жылу энергиясын тұтынуды мониторингтеу жүйесі енгізілді, сондай-аққажетті құжаттар әзірленді.