ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінде халықаралық жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласындағы поблемаларды шешу шаралары қаралды

ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінде халықаралық жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласындағы поблемаларды шешу шаралары қаралды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Юрий Лавриненконың төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сағынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау және басқа да кеңес мүшелері қатысты.

Бірінші халықаралық және өңіраралық жолаушыларды автобуспен тасымалдаудағы проблемаларды шешу жөнінде қабылданған шаралар туралы Көлік комитетінің есебі тыңдалды. Бұл мәселе бойынша Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гилимов баяндама жасады.

Қазіргі уақытта Республика бойынша тұрақты автобус маршруттарында 1003 тасымалдаушы жұмыс істейді. Олар 19350 автобусты жолға шығарады. Ал, тұрақты емес тасымалға  берілген 389 лицензия негізінде 830 жолаушылар автобусы  тартылған.

«Өз кезегінде, көлік заңнамасының талаптарын өрескел бұзған тасымалдау фактілері бар. Осыған байланысты уәкілетті органдар тұрақты негізде бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, бірлескен жедел іс-шаралар ұйымдастырылады. Көлікті бақылау органдары ішкі істер органдарымен бірге 2018 жылдың 22 қаңтарынан 18 ақпанына дейін «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Соның нәтижесінде барлығы 16 615 автобус тексеріліп, 477 заң бұзушылық анықталды. 501 әкімшілік материал толтырылып, 6,3 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, міндетті техникалық байқаудан өтті деген жалған диагностикалық карталар анықталды»,-деді Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гилимов.

Сондай-ақ, 152 жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін бұзу  фактісі, сапар алдындағы  тексеру мен медициналық тексеруі жоқ 100 дерек, тұрақты емес тасымалдау келісімінің болмауы 53, заңсыз тасымалдау 26, жүргізушілердің еңбек және демалу режиміндерінің бұзылу фактілері анықталған.

Бұл мәселе бойынша баяндамашы Кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, кейбір мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Кеңесте Жол құрылыстарына домна шлагын пайдаланудағы қабылданған шаралар туралы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен Автомобиль жолдары комитетінің есебі тыңдалды.  

Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков бүгінгі таңда іске асырылып жатқан «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» Орталық-Оңтүстік дәлізі жобаларының 1444-1457,4 шақырымындағы «Қарағанды-Теміртау» учаскесінде және Қарағанды қаласының солтүстік айналма жолдары учаскелерінде домна шлак қиыршығын және домна шлагының түйіршіктелген құмын, сондай-ақ, күлді-органикалық емес тұтқыр материалдарды пайдалану қарастырылғанын және бұған қатысты бірқатар проблемалар барын айтты.

На Общественном совете МИР РК рассмотрены меры по решению проблем в сфере международных пассажирских автобусных перевозок

На Общественном совете МИР РК рассмотрены меры по решению проблем в сфере международных пассажирских автобусных перевозок

На Общественном совете МИР РК рассмотрены меры по решению проблем в сфере международных пассажирских автобусных перевозок