Астанада бизнес-форум өтуде: Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

Астанада бизнес-форум өтуде: Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

Бүгін Астанада Жапониядағы ҚР Елшілігінің және Kazakh Invest қолдауымен Қазақстан–Жапония форумы мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке сектордың бірлескен комиссиясының VII отырысы өтіп жатыр. Форум аясында Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Форумның ашылуында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасында 2015 жылдан бері Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге басымдық берді. Жапония Қазақстанның ең ірі инвесторларының қатарында. 2005–2017 жылдар аралығында Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $5 млрд астамды құрады», — деп А. Қабыкенов, жапондық компанияларды ҚР жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер жөніндегі вице-министрі Тадао Янасэ жапондық компаниялардың Қазақстанға инвестициялар салуға қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

Жапония–Қазақстан экономикалық комиссиясы төрағасының орынбасары, «ИТОТЮ» корпорациясының кеңесшісі Тосиюки Косуги мырза олардың компаниясы Қазақстанға өнеркәсіптік жабдықтарды, мұнай өнеркәсіптік химиясын және талшықтарды импорттайтынын, дегенмен Қазақстандағы қазіргі инвестициялық ортада елеулі өзгерістер болып жатқанын атап өтті.

«Қазір бізден жаңа бастамаларды жүзеге асыру талап етіледі, бұл біздің даму стратегиямызбен ұқсас келеді. Өткен жылы ҚР Үкіметі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдады, және мен әрі қарай көптеген бағыттарда нақты екіжақты қарым-қатынасты қалыптастырғанымызды қалаймын», — деді ол.

Форумда ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Марубэни Корпорейшн» компаниясының вице-төрағасы Ямадзоэ Сигеру Алматы қаласында қалалық транспортты дамыту бойынша жалпы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Қазіргі таңда Алматыда біз МЖӘ схемасының аясында жеңіл рельстік көлік желісін салу бойынша жобаны жүзеге асыруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Құрылысқа, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешуден басқа, біз ЛРТ қалалық жоспарлаудың құрама бөлігі ретінде қарастырып, цифрлық инфрақұрылымды құруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, және осылайша, қала тұрғындарын қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз», — деді Ямадзоэ Сигеру.

«ҚазОрталық ЖКХ» АҚ, Mitsui & Co және Japan system Planing арасында жылу мен сумен жабдықтау жүйелерінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, Kazakhstan Nuclear Power Plants пен The Japan Atomic Power Company, Marubeni Utility Services арасында ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жапондық тараптың қатысуымен 77 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген. 
 
Сонымен қатар, форум аясында:
  • «Ақпараттық технологиялар саласындағы және цифрлық саладағы ынтымақтастық — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы»;
  • «Пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіру және игеру саласындағы ынтымақтастық»;
  • «Энергетика және экологияны сақтау саласындағы ынтымақтастық»,
  •  «Қазақстан мен Жапония арасындағы бизнестегі жаңа бағыттар» тақырыптық панельдік сессиялары өтті.

primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Астанада бизнес-форум өтуде: Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

Астанада бизнес-форум өтуде: Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды