
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жұмыс жоспарына және 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына «ерекше тәртіп бойынша» тексеру кестесіне сәйкес, 2018 жылғы 15 маусымдағы тексеріс тағайындау туралы № 76 актінің негізінде, 2018 жылдын 18-22 маусым аралығында «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС цехтары мен бөлімшелерінде тексеру өткізілді.
Тексерумен қамтылған сұрақтар: жабдықтардың жай-күйі, желдету жағдайы, аварияларды жою жоспары, өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, көтергіш құрылғылар жай-күйі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жай-күйі, нормативтік пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды дер кезінде жаңарту.
№ 9 цемент диірменінің үздіксіз жұмыс істеу мақсатында, жаңа «ФРИК-230» тазартқыш құрылғысы монтаждалды, ескірген «SKS» системасының орнына, ол № 9 цемент диірменінің тоқтауын азайты және зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарындысын төмендетті; шикізат диірмендерің үздіксіз тиеу мақсатында жаңа «Оптим-Кран» компаниясының грейфер краны ақтас қоймасында монтаждалды.
Тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлар қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының есебін жүргізеді.
2018 жылдың 15 маусымдағы тексеріс тағайындау туралы №76 актінің негізінде «ерекше тәртіп бойынша» тексеру жүргізу барысында «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС бөлімшелерінде Департаменттің инспекторлық құрамымен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 49 бұзушылығы анықталды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 298-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС заңды тұлға тартылды.