Қазақстан мен Жапония 7 бірлескен ірі жобаны іске асырады

Қазақстан мен Жапония 7 бірлескен ірі жобаны іске асырады

Бүгін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Тадао Янасэмен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық салалар бойынша және жер қойнауын пайдалану мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Жеңіс Қасымбек Жапонияны Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық, достық және сенімділік сипатына негізделген. Біз Жапониямен мұнайхимия, инфрақұрылым, фармацевтика, энергетика, ақпараттық технология мен инновация сияқты бағыттар бойынша өзара мүдденің бар екенін көріп отырмыз»,-деді кездесуде министр.

Өз кезегінде Тадао Янасэ жапониялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті. Айта кету керек, Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Елімізде жапондық капиталдың қатысуымен 50-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,1 млрд. АҚШ доллары болатын 10 бірлескен ірі жоба іске асырылды. Сондай-ақ, құны шамамен 2 млрд. АҚШ доллары болатын 7 бірлескен ірі жобаны іске асыру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, бүгін Бірлескен комиссияның 7-ші отырысы өтуде. Оның аясында панельдік сессиялар, 30-дан астам B2B кездесулері өтіп, бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылады. Екі ел арасында тауар айналым 2018 жылдың бірінші тоқсанында 460,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе артық ( 2017 ж. І-тоқсанында 236,2 млн. АҚШ долл.). Қазақстаннан Жапонияға шығарылған экспорт 368,6 млн. АҚШ долларына жетіп отыр. Бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда бір жарым есеге көп (177,9 млн. АҚШ долл.).     

Қазақстан мен Жапония 7 бірлескен ірі жобаны іске асырады

Қазақстан мен Жапония 7 бірлескен ірі жобаны іске асырады

Қазақстан мен Жапония 7 бірлескен ірі жобаны іске асырады