QazIndustry IT-компанияларды ынтымақтастыққа шақырады

QazIndustry IT-компанияларды ынтымақтастыққа шақырады

«Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында 5-30 қыркүйек аралығында Абай, Қарағанды облыстары және Шымкент қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға баруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, 5-6 қыркүйек күндері Абай облысына («Семспецнаб» ЖШС, «КазЭлектроМаш» ЖШС); 14-15 қыркүйек – Қарағанды облысы («Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС,  «Жакко Қарағанды» ЖШС); 26-30 қыркүйек – Шымкент қаласына («Azalatextile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС,
«Asia Trafo» ЖШС) бару жоспарда бар.

Алдағы уақытта бұл кәсіпорындарға әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде сүйемелдеуге жәрдем көрсетілетін болады. Өнеркәсіп субъектілеріне цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қазақстандық индустрия және экспорт орталығы IT-компанияларды бірлескен сапарға қосылуға шақырады.

Көшпелі іс-шараларға қатысу үшін өтінімдер төменде келтірілген мерзімдерге сәйкес қабылданады: Абай облысы бойынша 1 қыркүйекке дейін, Қарағанды облысы – 9 қыркүйекке дейін, Шымкент қаласы – 22 қыркүйекке дейін.

Қатысу үшін өтінімдерді a.sitbatalova@qazindustry.gov.kzA.Mukushkin@qazindustry.gov.kz электрондық пошталарына жіберу қажет. Байланыс телефондары: 8 (7172) 79-33-90 (1153, 1075), 8702 132 3289, 8707 522 1495.