Мысыр компаниясы "Қазақстанның энергия тиімділігі картасы" жобаларына қатысуға ниетті

Мысыр компаниясы "Қазақстанның энергия тиімділігі картасы" жобаларына қатысуға ниетті

"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтын" акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Институт) Мысырдың Elsewedy Electric компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. Электр және жаңғырмалы қуат көздері, электр саймандар, телекоммуникациялық құрастырушы материалдар өндірісіне маманданған компанияның әлем бойынша 30-дан астам зауыты бар.    

Кездесу барысында тараптар аталмыш компанияның Қазақстандағы энергиясервистік келісімшарт (ЭСК) жобаларына қатысу мүмкіндігі талқылады. ЭСК жобаларды іске қосу және енгізу нәтижесінде үнемделген қуат арқылы инвестицияларды өтеуге болады.     

Институттың Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жүйесі бойынша жүзеге асырылған жобалар туралы айтып берді. Бүгінгі таңда МЖӘ тетігі мен ЭСК арқылы Қазақстанда 44,51 млрд.теңге сомасына 58 жоба іске асырылып жатыр. Бір жылда 1,53 млрд. теңге көлемінде үнем болады деп жоспарланған.

Кездесу қорытындысында Elsewedy Electric компаниясының "Қазақстанның энергия тиімділігі картасы" жобаларына қатысуы жөнінде келісімге қол жеткізілді. «Энергия тиімділігі картасы» - қаржыландыру көздерін, оларды іске асыру шаралары кестесін және жоспарларын көрсете отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында жобалардың бірыңғай республикалық тізбесін құрайды.

Қазақстанда энергия тиімділігі картасы аясында жалпы сомасы 56,7 млрд. теңгеге 117 жоба іске асырылуда. Күтілетін үнемдеу жылына 4,8 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда энергосервистік шарттар тетігі арқылы энергия тиімділігі картасы шеңберінде іске асырылған жобалардың ең жарқын мысалы ретінде "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС және Ақсу ферроқорытпа зауытын айтуға болады.

Жалпы алғанда бүгінге дейін «Энерготиімділік картасы» шеңберінде 20 отандық және 2 шетелдік энерготиімділік компаниялары инвестор ретінде тартылды.