
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мұнай- химия өнеркәсібі және геологияны мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімінің мамандарымен ағымдағы жылдың 5 - 27 маусымы аралығында «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ қауіпті өндірістік объектілерінде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы айрықша тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің бекітілген графигіне сәйкес тексеру жүргізілді.
Аталған тексеруді жүргізу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік және нормативтік – құқықтық актілерінің талаптарының 12 бұзушылықтары анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлға (директордың өндіріс бойынша орынбасары атынан) 60125 теңге көлемінде қысқартылған өндіріс тәртібіндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ ЖЖМ қызметінің басшыларымен және жұмыскерлерімен жиын өткізілді, онда анықталған бұзушылықтар мен оларды жою бойынша іс – шаралар талқыланды.