
Екінші «Kazakhstan Global Investment Roundtable» халықаралық дөңгелек үстел аясында «Металлургия және тау-кен өнеркәсібіндегі мүмкіндіктерді пайдалану» тақырында Үкіметтік брифинг өтті. Брифингтік сессияға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, шетелдік ірі тау-кен металлургиялық компаниялардың басшылары қатысты. Сессияға Ғаламдық тұрақты капиталды басқару ұйымының Инвестициялық комитеті төрағасының орынбасары Пирс Камберледж модераторлық етті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Тау-кен металлургия кешені Қазақстанның ЖІӨ 6,7%-ын, өнеркәсіптік өндірістің 24,7%-ын және экспорттың 24% -ын құрайды.
Жыл сайын металлургия өнеркәсібі өсімнің оң динамикасын көрсетіп келеді. 2018 жылдың 5 айында өсім 104% -ды құрады.
«Біздің мақсатымыз – жер қойнауын кешенді пайдалану және өнімдерді қайта өңдеуді арттыру. Сондықтан біздің министрліктің миссиясы бәсекеге қабілетті және инновациялық индустрияны құру арқылы ресурстарға тәуелді экономиканы әртараптандыру. Мысалы, Қазақстан 1,8 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі болат өнімдерін шығарады, одан әрі өңдеу үшін шикізатты 1,4 млрд. АҚШ доллары сомасына экспорттайды. Сонымен бірге 2,5 млрд. долларға жоғары қосылған құны бар дайын өнімді импорттады. Бұл қара металлургия секторындағы дайын өнімнің экспортқа және ішкі нарықты қаматамасыз етуде үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді»,- деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің пікірінше, Қазақстанда минералды шикізатты өндіруді және жаңа технологияларды енгізу мен жаңа өнімдерді өндіру арқылы қайта өңдеуді айтарлықтай арттырудың барлық алғышарттары бар.
