ҚР ИДМ бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға заңнамасына енгізілген жаңалықтарды түсіндіруде

ҚР ИДМ бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға заңнамасына енгізілген жаңалықтарды түсіндіруде

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов, ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гилимов, ҚР ИДМ Заң департаментінің директоры Айдар Әлиакпаров қатысты. Қатысушыларға Министрлік реттейтін салаларда бизнеске жұмсалатын шығындарды қысқартуға және бәсекелестікке бөгет болатын кедергілерді болдырмау және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша заңнамаға енгізілген жаңалықтар түсіндірілді. Атап айтқанда, экспорттық бақылау, тұрғын үй қатынастары, АЭА, теміржол көлігі саласындағы, түрлі нысандарға бақылау жүргізуге байланысты мәселелер қамтылған. Техникалық реттеу саласында тауардың шығарылғаны туралы сертификатын беруге уәкілетті профилактикалық бақылауды енгізуге байланысты бақылаудың басқа нысандарын енгізу ұйымның қызметін жыл сайынғы аудит арқылы бақылауды жүзеге асыру функциялары алынып тасталды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті беру, оқу орталықтары тізілімін жүргізу, профилактикалық бақылауды енгізуіне байланысты бақылаудың басқа нысандарын жүргізу, ғимараттар, құрылыстар мен құрылыстарға арналған энергия тиімділік талаптарын орындау мониторингі алынып тасталады. Авиация саласында Аэронавигация және әуежайларға арналған табиғи монополиялар салаларындағы, соның ішінде бақылау жүргізу (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеті) функциялар беріледі. Геология және жер қойнауын пайдалану саласында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарын сақтауды қадағалау функциясы алынып тасталды. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектiлер иелерiнiң өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру функциялары, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу және олардың талаптарын сақтау мiндетi алынып тасталады. Автокөлік саласында халықаралық тасымалдарда тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жылжымалы құраммен тасымалдаушылардың сәйкестігін, сәйкестендірілмеген бақылау-өткізу пункттері мен басқа да Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік автокөліктердің кіруін анықтауды қадағалау функциялары алынып тасталды. Бұдан бөлек, көлік, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларына да өзгерістер енгізілді.

ҚР ИДМ бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға заңнамасына енгізілген жаңалықтарды түсіндіруде