Кәсіпкерлер үшін ақпарат!

Кәсіпкерлер үшін ақпарат!

Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 18 маусымдағы №356 қаулысына сәйкес қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері айналымы саласындағы қызметтерді лицензиялау жөніндегі функциялар Инвестициялар және даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігіне берілгенін хабарлаймыз (2018 жылғы 6 шілдеде күшіне енеді).

Осыған орай, төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігіне келесі байланыс телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз:

1) Байжасаров Данияр Темірұлы, тел.8(7172)749284,

эл.почта d.baizhasarov@mdai.gov.kz

2) Бекболат Нұрболат Бекболатұлы, тел. (7172) 749448,

эл.почта n.bekbolat@mdai.gov.kz

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілген мемлекеттік қызметтер тізімі:

  • "Монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметттерге лицензия беру";
  • "Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметттерге лицензия беру";
  • "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметттерге лицензия беру".