
Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда. Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3,0 млн. құрап, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық (2,5 млн. адам). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн. адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.
Бұл ретте, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.