Алик Шпекбаев, Қайрат Әбдірахманов пен Жеңіс Қасымбек «Protecting business and Investments»» жобасының офисінде болды

Алик Шпекбаев, Қайрат Әбдірахманов пен Жеңіс Қасымбек «Protecting business and Investments»» жобасының офисінде болды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерінің бірлесіп ашқан «Protecting business and Investments» жобалық бюроның бір айлық жұмысының қорытындысы шығарылды. Бүгін жобалау офисіне сала басшылары Алик Шпекбаев, Қайрат Әбдірахманов пен Жеңіс Қасымбек келді.

Жоба кеңсесіне қысқа мерзім ішінде әкімшілік кедергілерге қатысты мәселелер бойынша 17 бизнес өкілі жүгінген, олардың үшеуінің мәселесі қаралып, жедел түрде шешімін тапқан. Қалған мәселелер қазір қарастырылуда.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп еліміздің барлық өңірлерінде фронт-офистер ашылды, бизнес қауымдастығымен және өңірлердегі инвестиция тартуға жауапты әкімдердің орынбасарларымен 29 түсіндірме кездесулері ұйымдастырылды.   

Кездесулер кәсіпкерлік өкілдері тарапынан оң бағаға ие болып,  олар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық ықтималдылығын жою мен аймақтардағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.

Инвестициялық жобалардың орындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік органдар мен  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндіріс алаңдары және әлеуетті инвесторлардың ақпараттық сұраулары туралы толық, сенімді және дәл ақпаратты қамтитын «СRM» ақпараттық-мониторинг жүйесін жетілдіре түспек. Осы жүйенің көмегімен мемлекеттік органдар  әр инвестициялық жобаның жүзеге асуы барысын онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік алады.

Проектный офис «Protecting business and Investments» посетили Алик Шпекбаев, Кайрат Абдрахманов и Женис Касымбек