
Қазақстан Республикасы Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қазақстандағы электрлік тұрмыстық құрылғылар мен жабдықтардың энергиялық тиімділігінің стандарттары, сертификациясы және таңбаламасы» атты жобасын іске асыру шеңберінде Жаһандық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен «Тұтынушылардың құрылғылар мен жабдықтардың энергиялық тиімділігінің артықшылықтары туралы хабардарлығы» атты әлеуметтік сауалнама өткізілді.
Әлеуметтік сауалнама келесіні көрсетті: респонденттерге «энергия тиімділік» ұғымынан қарағанда «энергия үнемдеу» түсінігі көбірек таныс. Респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігіне, олардың мойындауынша, «энергия тиімділік» ұғымы таныс емес. Жоғары тұрмыс деңгейімен респонденттердің, сондай-ақ кәсіптік-техникалық және жоғары білімі бар респонденттердің энергиялық тиімділік туралы хабардарлығы анағұрлым жоғары. Қалалардан респонденттер, ауылдық жерлерден респонденттерге қарағанда, бұл ұғымдар туралы көбірек хабардар. Басым респонденттердің пікірінше, электр энергиясын үнемдеу құрылғылар мен жабдықтардың энергиялық тиімділігінің артықшылықтары болып табылады. Қазақстан халқының құрылғылар мен жабдықтарға арналған энергиялық тиімділіктің стандарттары туралы хабардарлығы әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетті.
Осылайша, респонденттердің 16%-ы «энергия үнемдеу» сөз тіркесін алғаш рет хабардар болған, ал респонденттердің 23,8%-ы, олардың мойындауынша, «энергия тиімділік» ұғымының бары туралы бірінші рет құлағдар болып отыр. «Энергия үнемдеу» және «энергия тиімділік» ұғымдары респонденттердің жартысынан кем үлесіне жақсы таныс: респонденттердің 45,4%-ы, олардың айтуынша, «энергия үнемдеу» ұғымымен жақсы таныс, 35,7%-ы «энергия тиімділік» ұғымымен жақсы таныс. Респонденттердің шамамен бірдей пайызы бұл ұғымдар туралы үстіртін ғана біледі (38,6% – «энергия үнемдеу» атауын естіген, 40,5% «энергия тиімділік» атауын естіген).
Сізге келесі ұғымдар таныс па?
|
Энергия үнемдеу |
Энергия тиімділік |
|
|
|
Өз кезегінде, «энергия тиімді тұрмыстық техника» ұғымы 41,6% респонденттің түсінуінше энергияны үнемдеумен байланысты, ал респонденттердің 32,4%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды.
Респонденттер тоңазытқыштардың және басқа тұрмыстық техниканың таңбаламасына әрдайым назар аудара бермейді, жалпы алғанда, респонденттердің 40%-ынан астамы энергия тиімділіктің санаты туралы ақпаратпен түрлі түсті жапсырмаларға назар аудармайды, өйткені бұл ақпаратты өздері үшін маңызды деп санамайды.
Тұрмыстық техниканың энергиялық тиімділігінің санаты туралы ақпаратпен түрлі түсті жапсырмаларға назар аударасыз ба?

Сондай-ақ, респонденттердің 45,4%-ы да тұрмыстық техниканы сатып аларда энергиялық тиімділік санаты туралы ақпаратты басшылыққа алуды жоспарламайды деп жауап берді, респонденттердің басқа бөлігі (53%-ы) бұл критерийді басшылыққа алады деп жауап берді.
Сіз тұрмыстық техниканы сатып аларда энергиялық тиімділік санаты туралы ақпаратты басшылыққа алуды жоспарлайсыз ба?

Сауалнама Қазақстанның 14 облысында, республикалық мәні бар Алматы және Астана қалаларында үй шаруашылықтарында жеке сұхбат (face-to-face) тәсілімен өткізілді. Сауалнамаға 18 жасқа толған 2500 респондент, соның ішінде 55,7% әйел және 44,3% ер адам қатысты. Сұралғандардың үштен бір үлесінен астамы 37,8% – «30-дан 45 дейінгі» жастағы респонденттер, экономикалық белсенді және әлеуметтік жетілген жас санаты. 18-ден 29 дейінгі жастағы респонденттер жалпы саннан 26,3%-ды құрады, респонденттердің 24,4%-ы «46-дан 60 жасқа дейін» санатына жатады және респонденттердің 11,5%-ы 61 жастан асты.