ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылады

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылады

ҚР инвестициялар және даму министрлігінде жауапты хатшы Замир Сагиновтың төрағалығымен өткен жиналыста «Мемлекеттік қызметшілердің, банктік ұйымдардың  және қоғамдық қызмет ету салалық кәсіби одақ» ҚБ төрағасы  Мірболат Жақыпов Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.

Мірболат Жақыповтың айтуынша, Қазақстандағы кәсіподақтық қозғалыс ХХ ғасырдың басында басталған. Қазіргі таңда ҚР кәсіподақ Федерациясы – салалық және барлық аумақтық кәсіподақтарды өзіне біріктірген коммерциялық емес ұйым болып табылады.  

«Мемлекеттік қызметшілердің, банктік ұйымдардың  және қоғамдық қызмет ету салалық кәсіби одақ» ҚБ бөлімшелерде, аудандандарда, қалалық, алғаш кәсіподақ ұйымдарының облыстардағы жергілікті кәсіподақтары мен өкілдіктеріндегі, республикадағы ұйымдар мен мекемелерде өздерінің ерекшеліктеріне ие. Кәсіподақтың барлық дерлік мүшелері әртүрлі мекемелердің қызметкерлері болып табылады және олардың күнделікті қызметі негізінен кеңселерде өтеді.

Сонымен қатар, бастамашылық топтың өкілі Аймұрат Әлібаев министрлікте бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мақсаттары мен жоспарлары және кәсіподақ қызметінің заңнамалық тұрғыдан реттелуі туралы айтып берді.

Келесі аптада бірінші құрылтай жиналысын өткізу және бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жоспарланып отыр. Дауыс беру арқылы бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасын, кәсіподақ комитетінің және тексеру комиссиясының мүшелері сайланбақ.

 

В МИР РК создадут первичную профсоюзную организацию