
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен (одан әрі - Департамент), 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеріс жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 маусымынан 2 шілдеге дейін «Алюминий Казахстана» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кенішіқауіпті өнеркәсіптік объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында Департамент мамандарымен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 135 бұзушылығын анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша «Алюминий Казахстана» АҚжіберген құқық бұзушылықтары үшін 2014 жылғы 05 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бабы 1 тармағымен заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
