
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 13 шілдеде департамент басшысының міндетін атқарушы Евгений Александрович Ревягиннің басшылығымен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске департаменттің жеке құрамы қатысты.
Департаменттің нан өнімдерін, көтергіш ғимараттарын, газ шаруашылығын және қазандық нысандарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы – Жанболат Қасымұлы Рақышев, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау, салааралық қадағалау бөлімінің басшысы – Айбек Қайратұды Ілиясов, әкімшілік – қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы – Светлана Анатольевна Скрипкинаның есептері тыңдалды. Сонымен қатар сала жұмысына қатысты басқа да мәселелер талқыланды.
Баяндамашылардың есептері аяқталғаннан кейін барлық қызметкерлерге тексерулер барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің баптарын қолдануды барынша арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейту (2018 жылға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің имиджі мен кәсіптік пәндері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу жоспарына сәйкес журналдар мен газеттерге мақалалар дайындау), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау шараларын қабылдау тапсырмалары берілді.
