
ҚР ИИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған өңірі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау бөлімдері 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап 25 желтоқсанға дейін «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС Жезқазған жылу-электр орталығы объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында 52 өнеркәсіп саласында заңнамалық және нормативті құқықтық актілер талаптарын бұзушылық анықталды, оның ішінде – 2 өрескел, сонымен бірге ауырлық дәрежесі бойынша 46 маңызды, 4 болмашы бұзушылық анықталды.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъективті критерийлерді тексеру нәтижелері және жалпы көрсеткіштер бойынша «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС Жезқазған жылу-электр орталығы объектісінің химия цехы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылды.
Жезқазған өңірі бойынша тау-кен металлургия саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Г.Н.Трубников тексеріс қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар негізінде 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 298б. 1т. сәйкес, 810, 811 баптарымен көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізуді ұсына отырып, заңды тұлға «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС 50 АЕК
126 250 теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартты.
