Өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбына жиналыс өткізілді

Өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбына жиналыс өткізілді

Елбасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы  №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында негізгі бағыттардың бірі мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге негізделген алдын алу кешенді шаралар қолдану болып табылады.

Осыған байланысты 2018 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті РММ қадағалаудағы кәсіпорын өкілдерімен жиналыс өткізді.

Жиналыста сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары талқыланды. Өнеркәсіп саласында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңды тұлғалармен қарым-қатынасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерлету бойынша стратегия анықталды. Кәсіпорын өкілдеріне жадынамалар таратылды, сауалнама өткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары туралы бейнеролик көрсетілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығы мәлім болғанда, сондай-ақ Департамент қызметкерлері өкілеттіліктерін асыра пайдаланған жағдайда олар Департаменттің сенім телефонына т. 8(7142)50-46-47 және әдеп бойынша уәкілетті тұлғаға хабарласа алатындығы туралы ақпараттандырылды.

Әдеп бойынша уәкілетті – Департамент басшысының орынбасары Елена Валентиновна Мартыненко.

Мекен-жайы: Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі 150 үй, каб. 109, 1 қабат;

Жұмыс телефоны: 8(7142)50-01-50;

E-mail: e.martynenko@mid.gov.kz;

Қабылдау күндері: айдың үшінші сәрсебісі, сағ.9.00 - 13.00 14.30-18.30).

Проведено совещание с представителями промышленных предприятий на тему антикоррупционной политики