
Павлодар облысының кәсіпорындарына («KSP Steel» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Қазэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ, «Завод Гофротара» ЖШС) жоспарланған сапар 2022 жылғы 20-23 маусым күндері, ал Қызылорда облысының кәсіпорнына («АралТұз» АҚ) жоспарланған сапар 11-12 шілдеде жүзеге асырылады.
Аталған кәсіпорындар үшін цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысуға ниет білдірген IT-компаниялар бірлескен сапарға шақырылады. Көшпелі іс-шараларға қатысуға өтінімдер төмендегі мерзімдерге сәйкес қабылданады: Павлодар облысы үшін – 13 маусымға дейін, Қызылорда облысы үшін – 23 маусымға дейін.
Өтінімдерді A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz поштасына жолдау қажет. Байланыс телефондары: тел.: 8 (7172) 79-33-90 (1075), 8707 522 1495.