
Технологиялық процестерді цифрландыру стратегиялары бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында "Qazindustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.
Жоспарланған бұл жұмыстар шеңберінде кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізіліп, сондай-ақ ұсынылатын отандық цифрлық шешімдердің пулы мен мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шаралары егжей-тегжейлі зерделенетін болады. Бұдан басқа, әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде кәсіпорындарға сүйемелдеу бойынша көмек көрсетілетін болады.
Осылайша, 6-10 маусым аралығында орталық мамандары Солтүстік Қазақстан облысына, 13-22 маусым аралығында Павлодар облысына, 27-28 маусым күндері Қызылорда облысының кәсіпорындарына барады. Өз кезегінде, "Qazindustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өнеркәсіп субъектілерінде цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін IT-компанияларды аталған іс-шараға қатысуға шақырады. СҚО бойынша өтінімдер 2 маусымға дейін, Павлодар облысы бойынша 9 маусымға дейін, ал Қызылорда облысы үшін 23 маусымға дейін қабылданады.
Айта кетерлігі, өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау аясында биыл өнеркәсіп саласы кәсіпорындары үшін 20-дан астам цифрлық стратегия әзірлеу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпарат үшін: e-mail A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz, тел.: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі.1075), 87075221495.
6-10 маусым, Солтүстік Қазақстан облысы: «Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ, «Петропавл нан-тоқаш комбинаты», «Мұнаймаш» АҚ;
13-22 маусым, Павлодар облысы: «KSP Steel» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ, «Гофротара зауыты» ЖШС;
27-28 маусым, Қызылорда облысы: «АралТұз» АҚ.