Қызметі жарылғыш материалдар айналымымен байланысты ұйым өкілдерімен техникалық жиын өтті

Қызметі жарылғыш материалдар айналымымен байланысты ұйым өкілдерімен техникалық жиын өтті

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жанындағы жарылыс ісі бойынша 2018 жылдың 31 мамырдағы Кеңес отырысы хаттамасының 2.2 тармағын орындау мақсатында 2018 жылдың 13 шілдеде ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде қызметі жарылғыш материалдар айналымымен байланысты ұйым өкілдерімен жиналыс өткізілді.  

Күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

1. Қостанай облысы аумағында ЖМ айналымына қатысушы қауіпті өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы. ЖМ пайдаланымен қатысты 2018 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР аумағында орын алған қайғылы оқиғалар. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне ЖЗ және олар қолданылып жасалған бұйымдармен қызметі байланысты ұйымдарға тексеріс жүргізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар.

2. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде ЖМ өнеркәсіптерін электронды есепке алу жүйесін енгізу.

3. ЖМ цифрлік және матрицалық код оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін  ЖМ сақтау орындарын техникалық құралдармен жабдықтау, соедай-ақ ЖМ идентификациялық мәліметтерінің лктронды қалпын енгізу және оқуын жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету.

4. Өнеркәсіптік ЖМ пайдаланылуымен тікелей байланысты жұмысқа тұлғаларға рұқсат беру.

5. Жарылыс жұмыстарын жүргізгенде жаңартылған мейлінше қауіпсіз және тиімді технологияларды енгізу.

Техникалық кеңеске Қостанай облысы аумағында жарылыс жұмыстарын жүргізетін тау-кен кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары мен мамандары қатысты.

Техникалық кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелерді қарастыру және талқылау қорытындысы бойынша біріккен шешім қабылданған хаттамаға қол қойылды.