
Бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының (АЭА) басымдық берілетін қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілді. Бұл "Астана - жаңа қала" АЭА аумағында алтын мен күмісті қайта өңдеу, тазартылған құнды металдар мен олардан жасалған зергерлік бұйымдарға дейінгі кезеңді қамтитын зергерлік кластерді құруға мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, соңғы 13 жылда зергерлік саланың көрсеткіштері 2,5 есе төмендеді (1 241 млн.тг. 626 млн. теңгеге дейін). 2007 жылы Оңтүстік Кореяның ірі компаниясы P.J. j. Jewelry нарықтан кетті. Ол "Қазақмыс" ЖШС-мен бірлесіп зергерлік бұйымдардың 80% өндіріп келген еді. Осыдан кейін жаңа өндірістер пайда болған жоқ, ал барларының ауқымы ұлғаймады. Керісінше, нарықты реттеу шараларының болмауынан көлеңкелі айналым қанат жайып, заңды өндірісті экономикалық тұрғыдан тиімсіз етті.
Дегенмен, ішкі нарық 60 млрд. теңгеге бағаланады. Бұл бизнесті дамыту үшін барынша тартымды сектор болып табылады.
Нарыққа қатысушыларының пікірінше, жергілікті нарықта контрабандалық және заңсыз өндірілген зергерлік бұйымдардың көптігі және шикізатқа қол жеткізу проблемалары (ҚҚС-мен алтынды сату, тастарды баж салығымен импорттау) саланың негізгі тежеуіші болып отыр. Зергерлік салада сапалы еңбек нарығының болмауы да дамуға кедергі келтіреді.
Осы аталған мәселелерді шешу үшін қолданыстағы өндірістерді дамыту және жаңа өндіріс ошақтарымен ынтымақтастық орнату үшін тартымды жағдайлар жасау қажет. Зергерлік саласы дамыған елдердің (Түркия, БАӘ, ҚХР) халықаралық тәжірибесін талдау барысы, қолайлы салық жағдайы мен шикізатқа кедергісіз қол жеткізу қызметті дамытудың аса маңызды шарттары екенін көрсетеді.
Зергерлік қызметті "Астана - жаңа қала" АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесіне енгізу білікті шетелдік мамандарды тартуға, жаңа жабдықтар әкелуге, қызметкерлерді оқытуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ сапасы төмен зергерлік өнімдерді контрабандалық жолмен әкелудің жолын кесуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жаңа өндірістерді ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторлар бар.
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысында түсті металлургия саласында айтарлықтай өсім байқалады. Статистикалық деректер бойынша, түсті металл кендерін өндіру көлемі 17,5% өсті, жоспар бойынша ол көрсеткіш 107,1% болған. Секторда өсім мыс кенін және оның концентраттарын, құрамында алтын бар кендерді, сондай-ақ «ҚазМырыш» (+3%), «Қазхром» (+6,8%), "Қазақмыс» корпорациясы" (+3%), «Бақыршық КБК» (+65%) кәсіпорындарында хром және поллиметалл кендерін өндіруді арттыру есебінен болды.