
QazIndustry өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының бизнес қауымдастығымен кездесті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік ынталандыру шаралары мен Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының жаңа бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі қаралды.
Семинар жұмысына Қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Сәукенова, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен тетіктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, семинар аясында QazIndustry өкілі бірқатар кәсіпорындарға барып, олардың өндірісімен танысты. Олардың қатарында "Интер Мульти Сервис" ЖШС, "Казферросталь" ЖШС, "№ 405 авиажөндеу зауыты" АҚ, "Viva Pharm" ЖШС, "Kazpolisnab" ЖШС, "КМК Investment" ЖШС, "Nobel" ЖШС болды.