Еуропалық Одақтың жаңа жобасы аясындағы EEDI кездесуі өтті

Еуропалық Одақтың жаңа жобасы аясындағы EEDI кездесуі өтті

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласында SECCA жобасын жүзеге асыратын жұмыс тобының басшылары Паата Джанелидзе мен негізгі сарапшы Сенад Мркалевичтің қатысуымен кездесу өтті. Алқалы басқосуға сондай-ақ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Турчекенов пен Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Альмира Сафиуллина қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы электр энергетикасын дамыту мен энергия үнемдеуді нығайтуға бағытталған ынтымақтасты дамытудың тиімді тұстарын талқылады. Сонымен қатар басқосуда энергиялық сервис нарығындағы ортақ қызығушылықтар назарға алынды.

Жобаның мақсатты тобы ретінде Үкіметтік және жергілікті билік органдары, мемлекеттік мекемелер мен Орталық Азия аймағының тұрғындары болып табылады.

Аталған жоба Орталық Азиядағы энергетикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған.

Айта кетерлігі, жоба Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылады.