
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Сізді «Стартап жобаларды дамыту және нарыққа шығару» тақырыбында мастер-классқа қатысуға шақырады.
Мастер-класс 2018 жылғв 23 шілде, сағат 09:00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Астана қаласы, Қонаев көш., 7, «Rixos President Astana» қонақ үйі («Шаңырақ» конференц-залы). Жетекші халықаралық сарапшылар, 500 Startups және Innopolis University акселераторлар табысты кейстардың тәжірибесімен бөліседі және стартаптарды құрудың ең инновациялық тәсілдерін айтып береді.
Мастер-класс спикерлері:
- Марвин Лиао - 500 Startups акселераторының серіктесі, 60-тан астам елде 500-ден астам компанияға инвестиция құйған, Yahoo-дың бұрынғы коммерциялық директоры;
-Татьяна Канзавели - 500 Startups акселераторының тәлімгері, Силикон алқабының инвесторы, Open Health Network ИТ-стартаптың негізін қалаушы, Health IT-да ең ықпалды әйелдер рейтингісінің 10-дығына кіреді;
-Михаил Свердлов - Innopolis University тәлімгері, e-commerce және B2B саласындағы бірқатар табысты ғаламтор-стартаптардың негізін қалаушы.
Мастер-классты технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында ҚР ИДМ қолдауымен «ТДҰА» АҚ өткізеді.
Іс-шара Агенттіктің фейсбуктегі парақшасында тікелей эфирде таратылатын болады (https://www.facebook.com/natdkz/). Сонымен қатар, сұрақ қою мүмкіндігі бар тікелей көрсетілім SmArt.Point коворкинг-орталығында мына мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Байзақов көш., 280. Мастер-класстың бағдарламасы қосымшада. Қатысу үшін аккредиттеу қажет.
БАҚ тіркелуі міндетті.
Келесі кестеге сәйкес деректерді zaira555m@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберуді сұраймыз:
|
№ |
Ұйым |
ТАӘ |
Лауазымы |
Байланыстар (ұялы телефон, email) |
Техниканың болуы, техниканың нөмірі (телефон, диктофон, ноутбук және т.б.) |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|