Мұнай-газ машина жасау форумы

Мұнай-газ машина жасау форумы

"Мұнай - газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы" ЗТБ (бұдан әрі-IMB орталығы) 2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасында мұнай-газ машинасын жасауды дамытуға арналған Форум өткізуді жоспарлап отыр.

Форумға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, "Қазақстан машина жасаушылар одағының" басшылығы және басқа да мүдделі тараптар қатысады.

Форум аясында отандық және халықаралық өндірушілерді, тиісті мемлекеттік органдарды және басқа да мүдделі тараптарды таныстыру мақсатында IMB орталығы қызметі, нәтижелері мен жақын жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып береді.

Аталған іс – шараға үш ірі оператор-Теңізшевройл ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. презентациялармен қатысуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, іс-шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындары қатысады. Форум мүдделі тараптарды орталықтың ағымдағы қызметі туралы хабардар ету алаңына айналады.