«Алтыналмас АК» АҚ «Цифрлі кенішті» енгізгені үшін ОЕЕ Award беделді сыйлығын алды

«Алтыналмас АК» АҚ «Цифрлі кенішті» енгізгені үшін ОЕЕ Award беделді сыйлығын алды

«Алтыналмас АК» АҚ  «Тиімді өндіріс 4.0» атты өнеркәсіптік марафоны мен халықаралық конференциясы аясында 6 желтоқсанда Мәскеуде өткен ОЕЕ Awards беделді сыйлығының жеңімпазы атанды.

ОЕЕ Award — бұл тиімді өндіріс саласындағы жетістіктері үшін жыл сайын берілетін басшыларға арналған алғашқы сыйлық. ТМД мен Ресей елдерінің 100 кәсіпорны арасында  «Алтыналмас АК» АҚ «Цифрлі кеніш» жобасы үшін «Предиктивті сервис және жабдықтарды жөндеу» номинациясы бойынша бірінші жүлдеге ие болды. Барлығы 7 номинация бойынша бір-бірден жеңімпаздан анықталды. Биыл бұл іс-шараның өткізілуіне 4-ші жыл болды, және бұл өндіріс саласы үшін өзекті маңызға ие іс-шара. Бұл цифрландыру туралы бос сөз айтпайтын,  оны өз қолдарымен жасайтын кәсіпқой мамандар үшін маңызды.

«Алтыналмас АК» АҚ еліміздің бүкіл тау-кен металлургия саласы үшін Цифрлі технологиялардың артықшылықтарын көрсету үшін ҚР Үкіметі таңдаған жеті модельді фабриканың бірі болып табылады.

Кәсіпорынды цифрландыру бойынша міндеттердің бір бөлігін, Қазақстан кәсіпорындарында 4.0 Индустрияны енгізу мақсатында Tech Garden компаниясы IntelliSense.io ағылшын компаниясымен бірлесіп құрған, «Intellisense-LAB» Технологиялық даму орталығы орындады. Атап айтқанда, зертхана Ақтоғай алтын айыру фабрикасы үшін жұмыс жүргізді. Енді Қазақстанда brains.app платформасында жасанды интеллект технологияларын пайдалану шарлардың жүктелу деңгейін және ішкі футеровкалардың тозуын болжауға мүмкіндік береді, сондай-ақ диірмен кешенінің шамадан тыс жүктелуін болдырмайды, бұл процестің ашықтығын арттыруға және диірменнің тұрып қалуының төмендеуіне әкеледі.