Химиялық қауіпсіздік бойынша семинар

Химиялық қауіпсіздік бойынша семинар

Алматыда халықаралық сарапшылардың қатысуымен химиялық заттарды қауіпсіз қолдану мәселелері талқыланды. "Химиялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық, химиялық қауіпсіздік" тақырыбындағы жұмыс семинарына Алжир, Аргентина, Бразилия, Германия, Индонезия, Испания, Италия, Кения, Қытай, Малайзия, Пәкістан, Америка Құрама Штаттары және Филиппин елдерінің сарапшылары қатысты.

Қазақстандық делегацияны ҚР ИИДМ ИДӨҚК химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп басқармасының басшысы Гүлнар Ильмалиева және осы басқарманың сарапшысы Ернар Қуанышбаев, сондай-ақ ҚР СІМ өкілдері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері ("Қазфосфат" ЖШС, "КазАзот" ЖШС, "TalasInvestCompany"ЖШС) таныстырды.

Семинарға қатысушылар міндетті емес басқарушы қағидаттар жиынтығына енгізілген химиялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқауға өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын енгізді.