
Бүгін «Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының мысалында өндірістік процестерді цифрландыру» тақырыбында Сенаттың «Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа Сенат депутаттары – депутаттық топтың мүшелері Михаил Бортник, Мұратбай Жолдасбаев, Сергей Ершов, Рашит Акимов, Ерболат Мұқаев, Сергей Плотников, Ерік Сұлтанов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Цифрлық даму, индустрия және инфракұрылымдық даму вице-министрі Ержанов Аманияз, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оспанов Аблайхан, облыстық мәслихат депутаттары және де кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шараны аша отырып, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Михаил Бортник Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі цифрландыру міндетін қойғанын еске салды. «Цифрландыру-еліміздің кәсіпорындары мен экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Одан әрі өсу цифрландыру қарқынын жеделдетумен, экономиканың барлық секторларында цифрлық құралдарды белсенді енгізумен байланысты», - екендігі туралы Мемлекет басшысы айтатындығын атап өтті.
Сенатор Қарағанды облысы цифрлық технологияларды енгізу барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген елдің жетекші индустриялық өңірі болып табылатынын атап өтті.
2020 жылға дейін Индустрия 4.0. технологиясын енгізген үлкен және отра кәсіпорындарды санын 100 дейін ұлғайту жоспарланғанын Индустрия және инфракұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов атап өтті.
«Жалпы Қарағанды облысы цифрлық жобаларды іске асыру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады, сондықтан 2020 жылға дейін
10 кәсіпорында 33 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың инвестиция соммасы 167 млрд теңгені құрайды» толықтырды вице-министр.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның, «Eurasian Foods Corporation» АҚ кәсіпорындарының басшыларымен аталған кәсіпорындарда цифрландыру жоғарғы деңгейге қолжеткізгендіктен өндірістік процесстерді айтарлықтай оңтайландырылғанын атап айтты.
Сенаторлар С. Ершов және Е. Сұлтанов экономиканың тиімділігін және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында одан әрі барлық салаларының цифрландыру маңыздылығын атап өтті.
Көшпелі отырыс аясында сенаторлар «Бемер арматура» ЖШС, «Recycling Company» ЖШС, «Eurasian foods» АҚ, «Maker» ЖШС болып, өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізумен танысты.

