ҚР ИИДМ Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының жобасын ұсынды

ҚР ИИДМ Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының жобасын ұсынды

Жыл сайынғы Индустрияландыру күні аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020-2025 жылдарға арналған Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының жобасын таныстырды.

Келесі бесжылдық жоғары технологиялық өнімнің экспортын ұлғайту арқылы индустриялық кәсіпкерлікті дамытумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бағдарлама еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал ететін цифрлық технологиялар мен инновацияларды өндіруге бағытталған. 

Осылайша жаңа бағдарламада экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өнімдер шығаратын, сондай-ақ, цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған тиімді кәсіпорындарды ынталандыруға басымдық берілмек. Және мемлекеттік қолдаудың жекелеген құралдарын қолданудан дамытуды ынталандырудың кешенді жүйесіне көшу көзделген. Бағдарламаға сәйкес бизнес үшін ыңғайласпа міндеттемелер мен жауапкершілік қабылданады. Сондай-ақ, салалық қағидаттан сұранысқа ие нақты тауарларды анықтауға көшіріледі. Бағдарламаның тағы бір негізгі міндеті – құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегін белсенді түрде құруға баса назар аудару болады. Осы ретте қазіргі таңда отандық тауарлардың әлеуетін анықтауға бағытталған тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанға тікелей тартылады деп жоспарланған.   

Осылайша бағдарламаны жүзеге асыру еңбек өнімділігін 56 мың АҚШ долларына жеткізуге мүмкіндік береді. 2025 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 30 млрд АҚШ долларына дейін артуы тиіс. Ал негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың нақты өсімі 9,3 трлн теңгеге жетеді.