Энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту үшін жағдайлар жасалатын болады

Энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту үшін жағдайлар жасалатын болады

Елімізде энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту бойынша бірқатар шара қолға алынуда. Атап айтқанда, ҚР ИИДМ мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ «Қазақстанда энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту үшін жағдайлар жасау» жобасын жүзеге асыруда. 

Бұл бастама энергия үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктер энергия сервистік компанияларға беретін кредиттерге кепілдік беруге бағытталған. Жоба 2021-2026 жылдары аралығында жүзеге асырылады деп күтілуде. Оның жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды.

Аталған жоба Қазақстандағы ғимараттардың, инфрақұрылымдардың және басқа да нысандардың энергия тиімділігін ілгерілетуге бағытталған. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық өсуі мен тұрақтылығын ынталандырады.

Айта кетерлігі, жобаның мақсаттары Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес келеді.