
2018 жылғы 20 шілдеде Алматыдағы «Алатау» ИТП аумағында «ТКШ цифрландыру: ИТП АЭА рөлі мен мүмкіндігі» форумы өтті. Бұл ТКШ саласындағы өндіріс пен құрылысты онлайн-коммерцияландырудағы өзекті проблемаларды талқылауға және индустриядағы трендтерді жариялауға бағытталған 4 жоспарланып отырған салалық бизнес-форумдарының екіншісі. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы» ӘКК ұйымдастырушылары болып табылады.
Форумның жұмысына барлығы 80-ге жуық шағын, орта және ірі бизнестің, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, саланың және қаланың коммуналдық компаниялары сарапшылары қатысты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Мәдиев, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) Басқарма төрағасының орынбасары М. Майкенов, «Алматы су» МКК бас директорының орынбасары Б. Жамбылов, «Алматы жылу желілері» ЖШС коммерциялық директоры Э. Байшығасова, Siemens Kazakhstan компаниясының президенті А. Барцявичус, PSI компаниясының департамент директоры А. Ковалев спикерлер болды.
Іс-шара барысында Алматы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды цифрландырудың өзекті мәселелері талқыланды. Саланы цифрлық трансформациялау жөніндегі жоспарлармен «ТКШ ҚазОрталық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов ой бөлісті: «ТКШ цифрландыру негіздерінің бірі мұның үстінен жұмысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және Құрылыс және ТКШ істері комитетінің тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталық» жүргізетін бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйені құру болып табылады. Сектордың барлық қатысушыларын бір ақпараттық алаңға біріктіру және цифрлық экономика құралдарын қолдану тұтастай алғанда саланың жағдайын бағалауға және оны дамыту бойынша одан әрі қадамдарды алдын ала қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл барлық пайдаланушыларға бір көзден расталған ақпаратты алуға мүмкіндік береді, бизнес-процестердің ашықтығын және халық үшін де, мемлекет үшін де ресурстардың үнемделуін қамтамасыз етеді».
Форумның қатысушылары арнайы көрсету аймағына барды, мұнда ИТП АЭА резиденттері және басқа да компаниялар процестерді автоматтандыру, ақпаратты заттар интернетінің, телеметрия технологияларын және т.с.с. пайдалана отырып деректерді өңдеу, мониторингілеу және есепке алу үшін цифрлық түрге ауыстыру бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті. Осылайша, қызметтердің тапсырыс берушілері мен әлеуетті өнім берушілері арасында тікелей сұхбат жолға қойылды.
«Форумның басым міндеті бірінші кезекте, ашық сұхбат үшін ТКШ нарығының барлық қатысушыларын және осы саладағы цифрлық әзірлемелермен айналысатын компанияларды бірыңғай алаңға жинау қажет болды. Барлық қатысушылар ең жоғары тиімді нәтижелерді алу үшін ауқымды деректермен (Big Data) жұмыс істеудің бірыңғай технологиялар жүйесін құруға бірлесіп күш-жігерін жұмсау қажеттілігі жайлы пікірді нығайтқан өте маңызды», - деп атап көрсетті «Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Бөрлібаев.
Қатысушылар бизнес-форумның ақпаратқа толы екендігін, ең бастысы – бизнесте практикалық қолдану үшін пайдалы екендігін атап өтті. Ұйымдастырушылар осыған ұқсас іс-шаралар резиденттер үшін барлық мүмкіншіліктерді ең жоғары түрде пайдалану және тұрғындардың өмірін жақсарту үшін ауыз толтырып айтарлық нәтижелерді енгізу үшін және тұтастай алғанда қаланың экономикалық дамуы үшін ИТП АЭА алаңында үнемі өтіп тұратынына уәде берді.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы Жарлығына сәйкес құрылған «ИТП» АЭА («Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы) құрылатын білім беру орталықтары мен басқа да кәсіпорындардың базасында ІТ-технологиялар саласында инновациялық идеялардың өсуіне арналған алаң болып табылады. «ИТП» АЭА жобасының негізгі мақсаты жаңа және инновациялық технологияларды тарту, жан-жақты қолдау, жаңа кәсіпорындарды арттыру және басым салалар тізбесін кеңейту болып табылады. Президенттің тапсырмасы бойынша «ИТП» АЭА қалаға берілетін болады. Алдағы уақытта «ИТП» АЭА «Алматы» ӘКК басқаруына көшеді деп жоспарланып отыр.

