Қазақстанда ҚОАМТ-ны (BIM-технологиялар) қолдану бойынша мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жалғасуда

Қазақстанда ҚОАМТ-ны (BIM-технологиялар) қолдану бойынша мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жалғасуда

Қазақстанның сараптамалық қауымдастығы 2018 жылдың 23 шілдеде құрылыс объектілері толық өмірлік циклінде ақпараттық модельдеу технологиясын тиімді пайдалануға арналған нормативтік құжат жобаларының алғашқы редакцияларын талқылады.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) 20 шілдеде құрылыс және инженерлік компаниялары өкілдерінің қатысуымен ашық мәжіліс өтті.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның сарапшылары ҚР Инвестициялар және даму министірінің 11.04.2017ж. №197 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруды жалғастыруда. Ағымдағы жылы әзірлеушілер құрылыс объектілерінің өмірлік циклі бойынша ережелер жинақтарының топтамасынан 3 бөлімнің, сондай-ақ «Құрылыс туралы ақпаратты бірлесе құруды ұйымдастыру ережелері. Жалпы деректер ортасы» ҚР ЕЖ-ның және «Ақпараттық модельдеуді қолдану арқылы алынатын жобалық құжаттаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар» ҚР ЕЖ-ның алғашқы редакцияларын ұсынды.

«Құрылыс объектілерінің өмірілік циклі. 1 бөлім. Жалпы ұғымдар» ҚР ЕЖ нормативтік құжаттар топтамасын ашады және жобаның бастамасынан ғимараттың немесе құрылыстың басталуынан тоқтатылуына дейінгі құрылыс объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдері мен сатыларын сипаттайды. Осы ережелер жинақтары топтамасының екінші және үшінші бөлімдері құрылыстың жоба алды және жобалық кезенінде ақпараттық модельдерге қойылатын талаптарды реттейді, ҚОАМТ-ны қолданумен бірге жұмыстарды өндіру процесінің құрамы мен әдістерін орнатады. Сонымен қатар құрылыс объектісінің ақпаратық моделін әзірлеудің қайталама үрдісімен тиімді басқаруды қамтамасыз ететін рәсімдер мен регламенттерге негізделген жалпы деректер ортасын ұйымдастыру қағидаттарын сипаттайтын стандарт жобасы талқылауға ұсынылды. Ағымдағы жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның мамандарымен әзірленетін соңғы, бірақ маңыздылығы кем емес ережелер жинағында ақпараттық модельдерді қолданумен бірге алынатын жобалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібіне қойылатын талаптар сипатталады, ҚР-дың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес талап етілетін, қазіргі бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескере отырып және экономикалық дамыған елдердің  BIM (ҚОАМТ) саласындағы жобалау тәжірибесін анализімен сызбалардың және сипаттамалардың құрылыс объектісінің жобалық ақпараттық моделінен алынатын қолайлы шешімдер қарастырылады.

Сондай-ақ келесі нормативтік-техникалық құжаттарды қайта жасаудың бірінші редакциялары ұсынылды:

  1. ҚР ҚБҚ «Құрылысқа арналған жобалық  (жобалық-сметалық) құжаттаманың  құрамы және мазмұны, әзірлеу, келісімдеу, бекіту тәртібі»;
  2. ҚР ҚБҚ «Азаматтық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу»;
  3. ҚР ҚБҚ «Құрылыс өндірісі. Өндірістерді, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру»;
  4. ҚР ЕЖ  «Ағын суларды тазалау үшін құрылыстарды жобалау», сондай-ақ ескірген және қайталанған нормалардың қайшылықтары үшін құрылыс саласының нормативтік базасын талдаудың және жүйелеудің бірінші бөлімін қарастыру. 

Аталмыш іс-шара жобалық, құрылыс және инжинирингтік компаниялардың қауымдастығынан кері байланыс алу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Сараптамалық талқылаудың қорытындылары бойынша мәжілістің қатысушыларынан түскен барлық ескертулер талданып, ең өзектілері әзірленіп жатқан ЕЖ-ға енгізіледі.

Ашық мәжілістің қорытындылары бойынша сараптамалық қауымдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстанның құрылысына ақпараттық модельдеуді енгізу бойынша ҚР ЕЖ 2018 жылы 25 шілдеде Астана қаласында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесінде  ұсынылатын болады.  

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ  нормативтік құжаттар жобаларының бірінші редакцияларына құрылымдық ескертулер мен ұсыныстарды енгізгені үшін BI Group холдингінің, ALCOR ЖШС-ның, «Мемсараптама» РМК-ның, KAZGOR ЖА-ның, КИТНГ ЖШС-ның компанияларының өкілдеріне алғыс айтады.

Айта кетерлігі, мемлекеттік инвестиция құйылған Қазақстандағы барлық маңызды құрылыс объектілері жақын арада ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚОАМТ)  қолданумен бірге құрылатын болады. Өткен жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ  ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жақын келешекке отандық құрылыс саласының дамуының жүргізілуін, сондай-ақ екі нормативтік-техникалық құжатты айқындайтын Қазақстан Республикасының өндірістік және азаматтық құрылысына ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу тұжырымдамасы әзірленген болатын.

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

 

В Казахстане продолжается разработка государственных нормативов по применению ТИМСО (BIM-технологии)

В Казахстане продолжается разработка государственных нормативов по применению ТИМСО (BIM-технологии)