
2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Қазақ кәсіподақ метал» салалық тау-кен металлургия кәсіподағының құрылғанына 50 – жыл толады. Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының республикалық кәсіподақ ұйымы 1966 жылы құрылған. Оның орталық органы Алматыдағы Республикалық комитеті болған. 1966 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанның металлургиялық өнеркәсібінің жұмысшылары кәсіподағының 1 республикалық конференциясы шақырылды.
Бүгінгі күні «Қазақ кәсіподақ метал» салалық тау-кен металлургия кәсіподағы сала жұмысшыларының еңбек ақысын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бағыттарында жемісті жұмыстар атқаруда, сонымен қатар қосымша төлемдермен және жеңілдіктермен қамтуға ұмтылуда. Бәсекелік нарықта кәсіподақ еңбекке деген сұранысты арттыруға жұмыс жасауда және талпынады.
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті атынан осындай айтулы мереке күні жан жылуын беретін әрбір металлургтың жүрегінде жанып тұрған жалын сөнбесін және шеберлердің жаңа буындарына берілсін. Сіздерге денсаулық пен бақыт, тыныштық пен береке, отбасылық амандық және ауырда, маңызды еңбектеріңізге сәттіліктер тілеймін!