Тәжікстан делегациясы Қазақстанға «жасыл» технологияларды қолдану тәжірибесін зерделеу үшін келді

Тәжікстан делегациясы Қазақстанға «жасыл» технологияларды қолдану тәжірибесін зерделеу үшін келді

Тәжікістаннан Қазақстанға оқу-жаттығу турымен Тәжікістан Республикасы Парламенті, Энергетика және су ресурстары министрлігі, әділет министрлігі, заңнама жөніндегі Ұлттық орталық, ЕҚЫҰ-ның душанбе қаласындағы бағдарламалар кеңсесі уәкілдерінен тұратын делегация келді. Сапардың мақсаты энегияүнемдеу  сұрақтарын талқылау және «жасыл» технологиялар бойынша қазақстандық тәжірибемен танысу.

Оқу-жаттығу туры аясында Тәжік делегациясы «ТКШ Қазорталығы» АҚ-

 энергияны үнемдейтін ғимараттың принципі бойынша жасалынған және энергия үнемдейтін технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы салынған Энергияүнемдеу орталығына барды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» («ТКШ Қазорталығы» АҚ-ның еншілес ұйымы) ЖШС-нің Бас директорының Бірінші орынбасары Досан Құрманов Орталықты жылыту үшін энергияны тұтыну стандартты ғимаратпен салыстырғанда 30% аспайды деп хабарлады. Мұндай үнемдеуге қабырғалардың жылу оқшаулауды тиімді пайдалану және күн, жел және жер энергиясын тиімді пайдалану жолымен қол жеткізіледі.

«Ғимараттың жылумен жабдықтауы автономды, көзі ретінде электр қазандықтары мен жылу сорғылары орнатылған. Бұдан басқа, жылыту мақсаттарда ғана емес, сонымен қатар жазда ғимаратты салқындату үшін де қолданылатын батареялар орнатылған. Электрмен жабдықтау қалалық электр желілерінен, авариялық дизель генераторынан, сондай-ақ күн батареяларынан қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтау көзі қалалық сумен жабдықтау желісі болып табылады. Келешекте санитария мен аумақ көгалдарын суару үшін қайтадан пайдаланылатын ағынды суларды тазарту  қондырғысын қосу жоспарланып отыр» - деп атап өтті Құрманов Досан.

Тәжікістан оқу-жаттығу туры негізгі мақсаты «жасыл» бастамаларды насихаттауға көмектесу болып табылатын «Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы» және «Жасыл» экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ-мен ұйымдастырылды. Бүгінгі күні Коалиция халықаралық әріптестік қарым-қатынас орнатып, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Германия секілді елдерде «жасыл экономиканың» қағидаттарын ұстанатын ұйымдармен бірге бірлескен семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасып тұрады. 

 

Анықтама үшін:

«Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ -  Қазақстандағы «жасыл» қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларының бірі және Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының провайдері болып табылады. Негізгі мақсаты - «жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыты: қалпына келетін энергия көздерін енгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығында органикалық ауыл шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару болып табылады.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229), a.karibzhanova@zhkh.kz

 

 

Делегация Таджикистана прибыла в Казахстан для изучения опыта по применению «зеленых» технологий

Делегация Таджикистана прибыла в Казахстан для изучения опыта по применению «зеленых» технологий

Делегация Таджикистана прибыла в Казахстан для изучения опыта по применению «зеленых» технологий

Делегация Таджикистана прибыла в Казахстан для изучения опыта по применению «зеленых» технологий

Делегация Таджикистана прибыла в Казахстан для изучения опыта по применению «зеленых» технологий