
18 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Омбы облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Антон Заевпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ ҚР ИИДМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда ауыл шаруашылығы және мұнай-газ машина жасау, азаматтық авиация және көлік саласы. Сондай-ақ, Ертіс өзенін бірлесіп пайдалану және Министрлік жетекшілік ететін салаларға инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті мен көрші елдер арасындағы қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.