Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы

Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы

6-7 қарашада Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы өтті. Іс-шара екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға, басымды іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ықпал етуге бағытталған.

Форум жұмысы аясында ірі компаниялар, ұлттық институттар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің кездесулері өтті. Интеграция, өнеркәсіптік кооперация және өзара тиімді ынтымақтастық үшін екіжақты байланыстарды орнату мәселелері талқыланды.

Форумның бірінші күні «Өнеркәсіп және технологиялар саласындағы кооперациялық байланыстардың перспективалары» тақырыбында панельдік сессия өтті, оған ҚР ИИР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қ. Баитов және ҚР ИИРБ Салааралық үйлестіру басқармасының басшысы Н. Аюпов қатысты. Сессияға қазақстандық тараптан «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, Alageum Electric, «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы» РМК, «Блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығы», «Еуразиялық Топ» ЖШС және «Зерде» ҰИХ» АҚ өкілдері қатысты.

Сессияда блокчейн технологиясын дамыту мен қолданудың өзекті мәселелері, энергетика саласында цифрландыру және Қазақстанда осы тәжірибені енгізу перспективалары, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазіргі заманғы технологияларды енгізу өндірістік саланың барлық салаларында қажет. Инновациялық технологияларды қолдану, жоғары технологиялық өндірісті құру түрлі салаларда көрініс табады. Басты тақырып - Инновациялық технологиялар трансфері: тәжірибе алмасуды қалай дұрыс жолға қою қажет, біздің жобаларымыз көршілес елдердің тәжірибелерінде қолданысқа қаншалықты ие екендігі, және оларды қолданысқа енгізуден қандай нәтиже күтілетіндеге жөнінде.

Форум аясында екі елдің экспорттық мүмкіндіктеріне арналған «Жоғары технологиялар: Қазақстан мен Ресей аймақтарының мүмкіндіктері» көрмесі өтті. Экспозицияға ең соңғы ғылыми және өнеркәсіптік әзірлемелерді ұсынатын 42 ресейлік және 17 қазақстандық компаниялар мен ұйымдардың стендтері кіреді.

Қазақстан тарапынан «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Alageum Electric, «Ютария Ltd» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Перспектива» ҮЕҰ және «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» ЗТБ қатысты. Көрме екі ел делегаттарының кездесуі мен танысу алаңына айналды.