
Балалар конкурсы Халықаралық энергия үнемдеу күніне арналған және өскелең ұрпақты экологиялық санаға тәрбиелеу және олардың назарын энергияны үнемді пайдалануға аудару мақсатында өткізіледі, осылайша балаларға энергияны үнемдеудің қарапайым қағидаттарын зерделеуге түрткі бола отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Конкурсқа 4-17 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Өтінім беру мерзімі: 2019 жылғы 10-25 қараша аралығы.
Конкурстық жұмыстарды бағалаудың қорытындысында жеңімпаздар үш жүлделі орын бойынша үш санатта жарияланады. (1-орын – ноутбук, 2-орын – планшет, 3-электрондық кітап және 1 Гран-при (смартфон). Салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылғы 29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында (HiltonAstana) II Халықаралық энергия үнемдеу форумы шеңберінде өтеді.
Конкурстық өтінімдер savingenergykz@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.
Конкурстың ұйымдастырушысы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ болып табылады.
Конкурсқа қатысу және өтінім беру шарттары туралы нақты ақпарат ұйымдастырушының ресми парақшасы www.eeday.kz сайтында қолжетімді және оны +7 701 714 88 68 телефоны арқылы алуға болады.