
Өткен демалыс күндері Министрлік қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Комитеттер мен департаменттер мамандары спорттың 7 түрі бойынша күш сынасты. Бұл шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және арқан тарту.
Спорттық іс-шараның негізгі міндеті салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді жүйелі негізде спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ ұжымдарда достық атмосфера орнату болып табылады.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құрама командасы иеленді, екінші орынды автомобиль жолдары комитетінің командасы иеленді, үшінші орынды Көлік комитетінің қызметкерлері иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға кубоктар, медальдар және құрмет грамоталары салтанатты түрде табыс етілді.
Біріншілікке барлығы 150-ден астам адам қатысты.






