Қазақстанда ең үздік энерготиімді бюджеттік мекемені таңдайды

Қазақстанда ең үздік энерготиімді бюджеттік мекемені таңдайды

Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай 2019 жылғы 10-25 қараша аралығында еліміздің ең үздік энерготиімді бюджеттік мекемелеріне конкурс жарияланады.

Оған Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық бюджеттік мекемелер қатыса алады.

Аталған конкурстың мақсаты энергия үнемдеу саласындағы бюджеттік мекемелердің жұмысын ынталандыру, осы бюджеттік мекемелер ғимараттарының, құрылыстары мен үй-жайларының энергетикалық тиімділігін арттыру, сондай-ақ кейіннен жаппай тираждау үшін салынған немесе қайта жаңартылған ғимараттардағы неғұрлым табысты іске асырылған жобалар туралы ақпаратты іздеу және тарату болып табылады.

Конкурстық өтінімдер savingenergykz@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Өтінімдер 2019 жылғы 10-25 қараша аралығында қабылданады.

Салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылғы 29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында (HiltonAstana) II Халықаралық энергия үнемдеу форумы шеңберінде өтеді.

Конкурстың ұйымдастырушысы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ болып табылады.

Конкурсқа қатысу және өтінім беру шарттары туралы нақты ақпарат ұйымдастырушының ресми парақшасы www.eeday.kz сайтында қолжетімді және оны +7 701 714 88 68 телефоны арқылы алуға болады.